Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Іс-шараны ұйымдастырушы: Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы, Жұқпалы аурулар және дерматология кафедрасы АМСК және акушерия-гинекология курсымен кафедрасы, ОҚМФА студенттік ғылыми ұйымы, Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент медицина колледжі арасында форум  өткізілді.    

Форум өткізудің  мақсаты: халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау көріністері қойылды. АИТВ /ЖИТС туралы монолог, өлеңдер оқытылды, викториналық және  плакаттар сайысы жүргізілді, бейне фильмдері мен бейнероликтері көрсетілді,

Облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологтары  Ұ.Байдилдаева, Ү.Мухаметалина тыңдаушыларға   ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу  шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Әр түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді. 

Форумға  300  адам қатысты.   

Авторы: Ұ.Байдилдаева, Ү.Мухаметалина Облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологтары