Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

«Денсаулыққа құқық!» тақырыбында  Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығыОрдабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәусар» гимназиясында акция  өткізілді.  

АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейне фильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.

АИТВ/ЖИТС туралы өлеңдер оқытылды.

Облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологтары Ұ.Байдилдаева, Ү.Мухаметалина тыңдаушыларға   ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу  шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Баяндамаға жиналғандар Қазақстан Республикасындағы және облыстағы  АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Әр түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді. 

Акцияға  300  адам қатысты.