Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне» арнап,   23 желтоқсан 2017 жылы «Облыстық наркологиялық ауруханасы» МКҚК медициналық ұйымдар арасында волейбол ойынына «Медициналық ұйымдардың» ауыспалы кубогі үшін жарыс ұйымдастырды. Жарысқа облыстық, қалалық медицина ұйымдарынан  9 команда қатысты. 9 команданың бірі  ОҚ Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандары  волейбол ойынынан бірінші орынды иеленіп, «Медициналық ұйымдардың» ауыспалы кубогімен марапатталды. 
Жарыстың мақсаты: медициналық қызметкерлер арасында спорттық және физикалық белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау.      
Автор: Ахмедова Э.С., журналист