Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылғы 15 ақпан күні жастар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу мақсатында Шымкент қаласында A.C.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Жүргенбаева Назира Матышқызы, облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог дәрігері Мусаева Жанар, облыстық тері-венерологиялық диспансерінің дерматолог дәрігері Алтаева Гүлжан, Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Керімбай Қаламқас Муратқызы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің, М.Сапарбаев атындағы Оңтүсітк Қазақстан гуманитарлық институтының студент жастары қатысты.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева