Іс-шараны ұйымдастырушы – Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы,Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасының бөлім ұжымы.
Лекция өткізудің мақсаты халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен шеттетуді алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Облыстық СПИД орталығының маманы У.М.Мухаметалина тыңдаушыларға ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Жиналғандар Қазақстан Республикасындағы, облыстағы және еліміздегі АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Әр түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді. Лекция барысында АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен шеттетуді алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейне фильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.
Лекцияға 40 адам қатысты.
Авторы: У.М.Мухаметалина Облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологы.