Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 22 ақпанында Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында Дүниежүзлік экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторлары жөнінде 2017-2019 жылдарға арналған кездесу өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен орталық мемлекеттік органдар,

"Атамекен"Ұлттық Кәсіптік Палатасы, жергілікті кәсіпкерлердің және РЖИТС , ОҚО СПИД орталығының, ОТҚД мамандарының қатысуымен өткізілді. Кездесу барысында жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі ҚР позициялары және оны жақсарту шаралары талқыланды. Кездесуден соң тыңдаушылар делегаттарға көкейлерінде жүрген сұрақтар қойды.

 

Мақаланың авторы: ОҚО СПИД орталығының журналисі Ахмедова Э.С.