Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Іс-шараны ұйымдастырушы – Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы, Б.Момышұлы атындағы оқу орны

Лекция өткізудің мақсаты халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен шеттетуді алдын-алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Облыстық СПИД орталығының маманы У.М.Мухаметалина тыңдаушыларға ЖИТС-тің тарихы, алдын-алу шаралары, АИТВ-ның берілу жолдары туралы баяндады. Жиналғандар Қазақстан Республикасындағы, облыстағы және еліміздегі АИТВ-ның эпиджағдайы туралы ақпарат алды. Әр түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді.Лекция барысында АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен шеттетуді алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейне фильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.

 

Лекцияға 114 адам қатысты.

Авторы: У.М.Мухаметалина Облыстық СПИД орталығының дәрігер эпидемиологы.