Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы расталған, нақты ақпараттары жоқ адамдарға лайықталған азық-түлік тағамдары (банандар, тауық еті, шұжық,пепси және Қытай, Ливия мен т.б. елдерден әкелінген басқа да өнімдер) арқылы АИТВ-ның таралуы сияқты жалған, мағынасыз жіберілімдер (фэйктер, пранктер) СМС түрінде таратылуда.

Өтініш, есте ұстаңыз:

 

 

 

АИТВ жұқпайды:

• қол алысқанда

• жөтелгенде, түшкіргенде

• бассейн, монша, әжетханаға барғанда

• жәндіктер шағып алғанда

• достық сүйісулер арқылы

• ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы

• үй жануарларымен қарым-қатынаста болғанда

• азық-түлікар қылы

 

АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:

жыныстық — гетеросексуальды және гомосексуальды қатынастар кезінде

парентеральды — қан мен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда

перинатальды — анадан балаға — босануға дейін, босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңдерде

Жыныстық жолмен берілуі

Сақтану шараларынсыз (яғни, презервативсіз) өткен жыныстық қатынас дені саусеріктесіне індетті жұқтыру қауіпін тудырады.

Вирустың қан арқылы берілуі (парентеральді жол)

Егер жұқтырылған адам қанының жұғындысы бар аспаппен тері қабаты тұтастығын бұзып алған жағдайда жұғады. Ол инені, шприцтерді, сақал қырғышты қолдану кезінде, таңба енгізу барысында болуы мүмкін. Кез — келген стерилизациядан өткізбеген піскіш аспаптарды қолданған жағдайда, олар жұқтыру құралы болуы мүмкін. Жұқтырудың бұл жолы иньекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) үшін және кем дегенде бір рет есірткіні тамыр арқылы «лас» шприцпен енгізген жағдайда жұқтырудың жетекші жолы болып табылады.

Вирустың анадан балаға берілуі (перинатальды жол)

Вирустың берілуі анадан балаға жүктілік, босану (анна қаны арқылы жұғу) және көкіректен тамақтандыру кезінде (жұқтырған анадан денісау балаға көкірек сүті арқылы да, жұқтырған баладан денісау анаға көкірегін тістеу кезінде де) орын алады.