Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы

2018 жылы «Нұр Отан» партиясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен облыстардың әкімдіктерімен ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы өткізілуде. Байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі.

2018 жылғы  15 тамызда «Hұp Отан» партиясының облыстық филиалында байқаудың аумақтық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен және республикалық байқаудың жолдамаларымен марапатталды. Солардың ішінде «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қоры жүргізген жасөспірімдердің АИТВ-статусын ашу және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жобасы жүлделі 3 орын иеленіп, республикалық байқауға жолдамамен марапатталды.