2018 жылдың 29 қазан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында Шымкент қалалық СПИД орталығының мамандары индустриалды-техникалық колледж студенттерімен бірге «1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай экСПИДиция іс-шарасы өткізілді. ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының маманы эпидемиолог-дәрігері А.Ертаев жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Статья авторы: врач-эпидемиолог Ертаев А.С.