Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

         2018 жылдың 08 қараша күні Шымкент қаласы  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мәжіліс залында «БАҚ-да АИТВ-ның алдын алу сұрақтарын жариялаудың позитивті тәжірибесі» тақырыбында пресс-конференция өтті.                                                                                                                                                                     Пресс-конференцияға  Шымкент қаласының БАҚ журналисттері, ЖИТС орталығының  бас дәрігерінің орынбасары Маширов Қ.Н.,  эпидемиолог дәрігері Мусаев Ы.Р., психологі Мамедова Р.З.,  СӨСҚО әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің маманы Молдабаева А.М. қатысты. Жиналғандар еліміздегі, облыстағы және қалалардағы АИТВ/ЖИТС бойынша  эпиджағдай туралы және АИТВ-позитивті  адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жайында ақпарат алды. Өз сөзінде бас дәрігердің орынбасары  АИТВ-терроризм, АИТВ-диссиденттік туралы мәселені көтерді. Көпшіліктің әлеуметтік желілердегі мына тәрізді: «Менің бір досым кинотеатрға келді, орындыққа отырды және аздап инъекцияны сезінді. Отырғаннан кейін ол инені тапты және «Енді сіз бізбен біргесіз!» деп жазылған ескерту қағазын алыпты деген хабарларды көріп, естіп жүргенін, алайда  бұл  бос әңгімелер екендігін,  бұл жолмен АИТВ жұқпасын жұқтыру тіркелмегеніне тоқталды. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желілердегі жоғарыда айтылған әдіс туралы сыбыстар  АИТВ-ға қызығушылық тудырып қана қоймай, халық арасында да үрей тудырды. Сондықтан адамдар АИТВ жұқпасының жұғу жолын білулері тиіс. Сөз соңында бас дәрігердің орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындарға дұрыс  ақпарат берулерін  сұрады. Бұдан басқа, СПИД жөніндегі бүкіләлемдік акцияны өткізу аясында барлық БАҚ-тар 2018 жылдың 15 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін Шымкенттің және Түркістан облысының халқы арасында өткізілетін Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар жоспарымен танысты. Талқылау қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ проблемасын оңды талқылау мәселелері шешілді.

                                                                                                              

Мақаланың авторы: Ахмедова Э. ЖИТС орталығының журналисі