Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Семинар:   2018 жылдың 08 қараша күні  «Сәлем» әлеуметтік қалашығында. Шымкент қаласы №3 индустриалды техникалық колледж студентерімен  АИТВ – инфекциясының  алдын алу  бойынша.

 

Мақсаты:  ЖИТС орталығының мамандары жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.    Семинарға   21 студент, 2 мұғалім, 1 психолог қатысты.

 

 

Семинарды  қалалық ЖИТС орталығының маманы

эпидемиолог көмекшісі – Б.Тойшыбеков  жүргізді.