Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласында №129 жалпы орта мектепбінде семинар.

2018 жылдың 14 қарашасында №129 жалпы орта мектебинде, семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ - инфекцияның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай статистикасымен таныстырылды. Тыңдаушыларда АИТВ/ЖИТС туралы негізгі түсінік қалыптасып, (этиология, патогенез, клиника), АРТ мақсаты мен пациенттердің құқықтары жайлы білім алды. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды АИТВ алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, психикалық денсаулығын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және үнемі анализ тапсыру арқылы АИТВ статусын білуге шақырды.

 

Семинарды  қалалық  ЖИТС орталығының маманы

эпидемиолог көмекшісі – Б.Тойшыбеков  жүргізді.

 

Семинарға:   6 мұғалім, 1 медбике, 15-17 жас аралығында 150 оқушы,

8 сыныптан – 50 оқушы  қатысты.