Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке

қарсы күрес кампаниясы

 

            Қазіргі уақытта ДДҰ және ЮНЭЙДС АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы  ауқымды іс-шараларды қолдауға және нығайтуға жәрдем көрсетуді,  90-90-90 жаңа стратегияны пайдалана отырып, "2030 жылға қарай АИТВ/ЖИТС індетін тоқтатуды"  мақсат етіп қойды. Осыған сәйкес 2020 жылға қарай:

1)  АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 90%-ы өз мәртебесі туралы білуі тиіс;

2)  АИТВ-инфекциясы  диагноз  қойылған барлық адамдардың  90% - ы антиретровирустық  терапияны тұрақты алуы тиіс;

3) Антиретровирустық терапия алатын адамдардың 90% - да вирустық супрессия байқалуы тиіс.

            2018 жылы дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы кампания «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында  өтеді.

             Өткізілетін науқанның мақсаты: АИТВ/ЖИТС проблемасына ықпал ете алатын  қоғамның, әлеуметтік саяси және басқа да басшылардың назарын аудару.

            Оңтүстік өңірінде (Шымкент қаласы мен Түркістан облысы) АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды. 2018 жылдың 1 қарашаға дейін  АИТВ инфекциясы өсімімен – 3349 жағдай тіркелген. Жұқтырғандардың жас топтарына қарай жоғары   деңгейі 15-49 жас аралығында – 73,8%. АИТВ инфекциясының  басым көпшілігі Шымкент, Кентау, Түркістан қалалары, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби аудандарында тіркелуде.

            Қазақстан Республикасы бойынша  01.11.2018 жылы АИТВ инфекциясы  өсімімен 35231 жағдай тіркелген. АИТВ инфекциясының таралуы 100 мың. халыққа шаққанда Республика бойынша оңтүстік өңірі 10-шы орынды иеленеді. Аймақ бойынша жаңа жағдайларды талдау кезінде гетеросексуальды байланыс арқылы  берілудің басымдылығы – 82,9%, қан арқылы жұғу жолы – 9,8% көрсетті. АИТВ жұқтырған ерлердің үлесі 51,8% - ды, әйелдер - 48,2% - ды құрады.

            Оңтүстік өңірінде жыл сайын 400 мыңнан астам адам тексерілуден өтеді.  2018 жылдың 10 айында – 393212 адам тексерілді.       

            Бүгінгі таңда ретровирусқа қарсы терапияны 1388 АИТВ-мен өмір сүретін адам алып жатыр.

            Антиретровирусты терапиясының қол жетімділігінің кеңейтілуі  арқасында АИТВ инфекциясынан өлім және науқастану жағдайлары азаюда. АРТ қабылдаушы тұлғалардан  вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу АИТВ статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді. АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Жүкті әйелдерде  АИТВ жұқпасын уақтылы анықтауға және анадан балаға берілу жолдарын алдын алуға көмегін тигізуде. Жалпы алғанда оңтүстік өңірінде АИТВ-позитивті жүкті әйелдер арасында 535 бала туылды, оның ішінде 520 балада АИТВ жұқпасы анықталмаған.

            Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес, басқа да   халықтың осал топтары (инемен есірткі тұтынушылар 5333 адам және секс қызметкерлері- 2867 адам, бас бостандығынан айрылғандар – 2655) қамтылуда.