Түркістан қаласы Көпсалалы медицина колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес күніне арналған «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен студенттерге акция өткізілді. ЖИТС–тің алдын алу және онымен күресу орталығының дәрігер эпидемиологі Д.Рыскелдиев жастарға АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша түсінік берді. АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтерін көрсетті. Семинар өткізудің мақсаты: жастар арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Акция барысында ерікті, жасырын түрде АИТВ инфекциясына жедел-тестілеу жүргізілді.
Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог Д.Рыскелдиев.