Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2018 жылдың 28-ші қарашасында  ЖИТС орталығының  Түркістан қаласы №2 бөлімше дәрігер эпидемиологы  Х.Сыздыкова «АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары,алдын алу шаралары. Өз мәртебеңді біл» тақырыбында  Әмір Темір жалпы орта мектебі оқушылары  арасында семинар өткізді.

 

Семинар барысында  АИТВ/ЖИТС-тің  жұғу жолдары , алдын алу шаралары  туралы толыққанды мәлімет берілді. Сонымен қатар студенттер тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді. Бейнеролик көрсетіліп ақпараттық білім беру материалдары таратылды, Салауатты өмір салтын ұстануға  және  өздерінің  АИТВ статусын  білу туралы кеңестер  берілді.

Мақала авторы: ЖИТС орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше дәрігер эпидемиологы Сыздыкова Х.О