Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдың алу және оған күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Адал апта – ісіңе адал бол!» жемқорлыққа қарсы акциясын өткізді

Мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімі «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай 27 – қараша мен 27 – желтоқсан күндері аралығын қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шараларды өткізу жоспарын бекітті.

Жоспарға сәйкес, қаланың барлық аудандары мен мемлекеттік мекемелерінде «Адал апта – ісіңе адал бол!» жемқорлыққа қарсы акция өткізілетін болады.

Яғни, акцияны өткізу мақсатын нақтылап айтатын болсақ, мына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамда, сонымен бірге барлық мақсатты топтарды қатыстырып, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, Жалпы жұртшылықты сыбайлас жемқорлықпен күресуге жұмылдыру болып табылады.