Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 13 желтоқсанында 1 Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Фиркан» сауда орталығында. Шымкент салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастырылуымен ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарымен бірлесіп «Өз мәртебеңді біл» ұранымен  науқан өткізілді. Науқан барысында халық арасында терапевт, уролог, психолог мамандары кеңес алғысы келетін қала тұрғындарына кеңес беріп, АИТВ инфекциясына тексерілем деушілерге жедел тест сынамалары жүргізілді. Халық арасында буклеттер мен парақшалар таратылды.  Аталған шарада: АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. АИТВ - инфекцияның әлем және Қазақстан бойынша таралуы таныстырылды. Тыңдаушыларда АИТВ/ЖИТС туралы негізгі түсінік қалыптасып, жастарды АИТВ алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, психикалық денсаулығын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, алькоголдік ішімдіктерді қолданбау туралы айтылды.

 

Мақала авторы:

эпидемиолог көмекшісі – Б.Тойшыбеков.