Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталық  Әль-Фараби аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп, № 2 Оңалту орталығында семинар өткізді.

Семинар барысында  Республика және облыс көлеміндегі эпидемиологиялық жағдай айтып өтілді, АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты медициналық қызметкерлер арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог