2019 жылдың 14 наурыз күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығы және Қалалық ЖИТС орталығының мамандары колледж студенттеріне семинар мен квест ұйымдастырды. Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешеді.
Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кіреді.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.