Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылы 2-сәуір күні Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде Түркістан облысы білім басқармасының бұйрығы негізге алынып студент жастарды "Нашақорлық пен есірткі саудасының алдын алу" бойынша бекітілген кестеге сәйкес, сала мамандары мен кездесу ұйымдастырылды.

 Кездесуге Шымкент қалалық полиция департаменті, Еңбекші аудандық полиция басқармасы полиция капитаны Ә.Ә.Атамбаева және полиция қызметкері А.С.Тұрдымұрат, сондай-ақ психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологі М.С.Одаман, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Н.Жүргенбаевалар қатысып баяндама жасады.

Кездесу барысында оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап беріп, АИТВ/ЖИТС, нашақорлық туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйренді.

Мақала авторы; Н.Жургенбаева