ЖИТС орталығының маманы Ұ. Байдилдаева №1 қалалық емхананың балалар бөлімінде медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар өткізді.
Семинар барысында №1 қалалық емхананың балалар бөлімінде медицина қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша мәлімет берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.
Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, медицина қызметкерлердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог