Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

29.04.2019

Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысының ЖИТС- орталықтарының және ҮЕҰ қызметкерлерінің таныстыру сапары

 

Шымкент қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы 2007 жылдан бастап, жыл сайын халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда.

Әлемдiк тәжiрибе АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бағдарламаларын халықтың неғұрлым маргиналды осал топтарында (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ)  тиiмдi iске асыру үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арқылы мүмкiн екенiн дәлелдеп отыр.

2019 жылғы 29-30 сәуір аралығында Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды облысының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері үшін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуда және оны іске асыруда жұмыс тәжірибесін зерделеу бойынша Шымкент қаласының ЖИТС орталығына, «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорына және «Жолдас» СПИД-сервистік ұйымдарының қауымдастығына таныстыру сапары өткізілді.

Сапар ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрестің ғаламдық Қорының қолдауымен ұйымдастырылған.