Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

03.05.19ж             127 жалпы орта мектеп ұжымына МӘСМ бойынша мәлімет     берілді.

        «Денсаулық–зор байлық» дейді халқымыз. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін 2020 жылы іске қосуды мақсат етуде. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.  Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатынын көпшілік біледі.

          Осы мәліметті  хабарландыру мақсатында №127 жалпы орта мектеп ұжымына  ЖИТС орталығының маманы Жүргенбаева Н.М. МӘСМ бойынша түсінік берді. Кездесу барысында: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) дегеніміз не?, МӘМС ендірудің қажеттілігі неде?, МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?, МӘМС енгізудің халыққа берер пайдасы қандай? және т.б. сұрақтарға тоқталды.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы