Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

14.05.2019  Жастар ресурс орталығы қызметкерлерімен «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

2019 жылдың 14 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында ЖИТС орталығының маманы Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерімен  бірге «Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» күніне орай дөңгелек үстел өткізді.  

Іс-шара барысында қатысушылар  жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат берудің әдіс-тәсілдері туралы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын оңтайлы жүргізу жолдарын талқылады.

19 мамыр Қазақстандағы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды Еске алу күні қарсанында бірлесіп өткізілетін іс-шаралар жоспарын ойластырды.

Мақала авторы: Н.Жургенбаева