Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

16.05.2019 Шымкент қаласында  «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» атты науқан «Автонұр» базарында өтті.

 

2019 жылдың 16 мамыр күні «Автонұр» базарында «Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» күніне орай науқан өтті.

Шараның ұйымдастырушысы - ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және «Жастар ресурстық орталығы». Науқанның мақсаты халық арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу  мәселелері туралы білім деңгейін көтеру және АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізу.

Науқан  аясында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері 46 адамды АИТВ-жұқпасына экспресс-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.  237 адамға ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.