Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

28.05.2019  ЖИТС-тен балаларды қорғау

28.05.2019 жылы Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК базасында  «ЖИТС-тен балаларды қорғау» ҚҚҚ сенім бекеттерінің (СБ) қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлері арасында семинар өтті.

Семинарға  жоба координаторы Ж.Жазықбаева, сенім бекетінің 5 қызметкері және 12 аутрич-қызметкерлер, сонымен қатар профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ф.Абдиева, эпидемиолог дәрігер М.Исмагулов, СБ дәрігері А.Медетова, СБ мейірбикесі Г.Елемесова қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. ҚР ДСМ  2013  жылғы  28 ақпандағы  «Инъекциялық  есірткіні тұтынушыларға арналған  сенім бекеттерінің қызметін ұйымдастыру  жөніндегі  ережені  бекіту»     №115  бұйрығы.
  2. Халықтың осал топтары (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) арасында АИТВ-инфекциясын алдын- алу іс-шаралары жөнінде түсіндіру.
  3. Есеп беру құжаттарын толтыру жөнінде түсіндірме жұмыстар.

 

Семинар соңында СБ қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлердің сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

 

СБ дәрігері А.Медетова