Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

03.06.2019ж.   Медициналық қызметкерлерінің спартакиадасы өтті.

        Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы  15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында Медициналық қызметкерлерінің спартакиадасы өтті.                                                                                                            Спартакиаданың мақсаты: медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру,  өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін , сонымен қатар халық арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттау, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру.

       Спартакиада барысында волейбол, футбол, арқан тарту, үстел теннисі т.б спорт түрлері жүргізілді. Спартакиадаға ЖИТС орталығының ұжымы да қатысып, волейболдан бірінші, жалпы команда бойынша үшінші орынды иемденді. Спартакиада соңында кубок және т.б сый- сияпаттармен марапатталды.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., журналист