Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

      14 маусым күні Шымкент қаласы ЖИТС орталығының ұжымы медицина қызметкерлерінің  кәсіби мерекесін атап өтті.  Мерекелік іс-шара барысында ЖИТС орталығының бас дәрігері Т. Мейрханов медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, келесі марапаттарды табыс етті: Шымкент  қаласы  әкімінің «Алғыс хатымен» Л.В. Елефтериадиді,  қалалық мәслихатының «Алғыс хатымен» И.А. Штодинаны,  Денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен» Б.С. Бақтыбаеваны, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының «Алғыс хатымен»  бас дәрігердің орынбасары  К. Н. Машировты, дәрігер статистик М. Г. Моисееваны, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-нің «Құрмет грамоталарымен»  эпидемиолог көмекші К. Ташыбекованы, О. Медетовті,  ЖИТС орталығының «Құрмет грамоталарымен» орталықтың 8 қызметкерін марапаттады.   

Сондай-ақ, емдеу-алдын алу жұмыстары және диспансерлеу бөлімінің мамандарына АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өзара көмек тобының өкілдері жеке алғыстарын білдіріп, Бөлім меңгерушісі Ж. Сапарованы, дәрігер инфекционист М. Өмірзахованы, Б. Бақтыбаеваны модераторы атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады. Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Е. Есіркепов, профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ф. Абдиева, кәсіподақ ұйымның  төрайымы Г. Абдрашова және бас есепші П. Сиримбетова қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, ерен еңбектерін атап өтті. Мереке барысында медицина саласына байланысты видиороликтер көрсетіліп, әуендер тыңдалды.

                                                                                                   

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы