Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдан бастап "Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы" (ЦИГЗЦА) корпорациясының филиалы Элтон Джонның ЖИТС-пен күрес жөніндегі қайырымдылық қорының (Ұлыбритания)  қолдауымен «Aman bol» екі жылдық жобасын жүзеге асырады.

Жобаны іске асыру шеңберінде онлайн платформа құру арқылы Қазақстанда АИТВ-ға өзін-өзі тестілеуге мүмкіндік беру жоспарланып отыр, онда пошта арқылы АИТВ-ға жедел тестілер тапсыруына және өзін-өзі тестілеу жүргізуге болады.

2019 жылы 16 тамызда Шымкент қаласында ЖИТС орталығы басшылығының ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі Элтон Джон қайырымдылық қорының бағдарламалық менеджері: Джейкоб Рашбас (Jakob Rashbass), сондай-ақ ЦИГЗЦА филиалы бас менеджерінің орынбасары - Примбетова Шолпан Алиевнамен кездесуі өтті. Кездесу барысында АИТВ індетіне қарсы күресте қолданыстағы және мүмкін болатын ынтымақтастық бағдарламалары талқыланды.