Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылы 10 қыркүйек күні «Индустриалды-құрылыс» колледжінде  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы және "Долана бұлақ" медициналық орталық гиникологтарының қатысуымен жастар арасында "Ерте жүктілікті" және АИТВ-инфекциясын алдын-алуы туралы ақпаратты бере отырып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша колледждің 1,2,3-курс студент қыздарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны өткізудің мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Іс-шара барысында тыңдаушылар, сауалнама сұрақтарына жауап беріп, бейнероликтерді тамашалады. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, жастардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.