Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 12 қыркүйегінде «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің»  алаңында «Денсаулық сандарына жет!» науқаны аясында жастар АИТВ-жұқпасына экспресс-тест тапсырып, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беруден өтті.

Шараның ұйымдастырушылары - Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Науқанның мақсаты жұртшылықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға әр азаматтың ортақ жауапкершілігіне аудару.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.