Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сыбайлас-жемқорлыққа – «corruptio» (параға сатып алу, пара ретінде)  деген латын сөзін алып, анықтама  беруге болады. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеу­мет­тік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық ел­дер­дің қай-қайсысын да қатты алаң­дататыны анық. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу.

Қазіргі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау орган­дарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес.     Бүгінде мемлекет бас­шысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конс­титуциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. 
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен сал­дарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елбасы биыл да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушық­пауы үшін оны тоқтатудың халық­аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. ЖИТС орталығында сыбайлас жемқорлық туралы 56-27-70  сенім телефонына қоңырау шалса болады.

ЖИТС орталығының жауапты маман заң кеңесшісі Жумекеева А.Б.