Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен Шымкент қалалық Дендросаябақта 20 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі» акциясы өтті. Акция барысында бірмезеттік дене жаттығулары орындалды, түрлі спорттық көріністер көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды, қала тұрғындары «медициналық қалашықта» дәрігерлерден тегін кеңес алды. ЖИТС орталығының ұжымы да аталмыш іс-шара барысында арқан тарту, жаппай жаяу жүру, секіру секілді спорт түрлеріне қатысып, 2-ші орынды иемделді. Орталықтың мамандары тұрғындарға АИТВ/ЖИТС жайлы мәлімет берді, парақшалар таратты, жедел тестілеу жүргізді. Жедел тестілеуден – 18 адам өтті.
Іс-шараның мақсаты бұқаралық спортты және дене белсенділігін халыққа кеңінен насихаттау.
Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы