Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

26.09.2019 Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде мемлекет өз қарауына 15 категориядағы азаматтарды алады

 

      Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген күнен бастап мемлекет өз қарауына 15 категориядағы әлсіз топтағы азаматтарды алады. Атап айтқанда:

  1. Балалар;
  2. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  3. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  4. Осы тармақтың №5 тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
  5. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  6. Мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
  7. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
  8. Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  9. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
  10. Тергеу изоляторларындағы адамдар;
  11. Жұмыс істемейтін оралмандар;
  12. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
  13. Мүгедектер;
  14. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында

күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер; Жарна Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

 

 

Мақаланың авторы ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С.