Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

19.09.2019 ж Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы мәлімет

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.
МӘМС жүйесі қатысушыларына дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді.
МӘМС жүйесіне қатыса алу үшін алдымен мәртебеңізді анықтап алыңыз.
Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін төмендегі статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер: жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығына немесе әкімдікке барып тіркелуіңіз керек. Егер Сіз экономиканың биресми саласында еңбек етсеңіз, онда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде ақша аударасыз немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеуіңіз қажет.
ЖИТС орталығының бас ғимараты 1 қабатының № 14 кабинетінде (ресурстық орталық) E-GOV порталында мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.
Кабинетте Интернетке кіруге мүмкіндігі бар 1 компьютер орнатылған.
Екінші жасалатын қадам емханаға E-GOV порталы арқылы тіркелу. Сіз ауыл, елді мекен, қала, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қаладағы немесе елордадағы бір ғана емхананы таңдай аласыз. Сондай-ақ, сіз жалпы практика дәрігерін немесе тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерді таңдайсыз. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен мемлекеттік немесе жеке меншік емханалар көрсетеді. Медициналық мекемелердің тізімімен: https://fms.kz/ru/select-medical-inst сілтемесі арқылы немесе E-GOV порталы арқылы танысуға болады.



Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы