Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың дәрігер эпидемиологы Ұ.Байдилдаева, эпидемиолог көмекші С.Оспанов, «Еуро-Азиялық құрылыс корпорациясы «EVRASKON» ААҚ- ның  жұмысшылары арасында  «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар өткізді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы және Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсінікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты: АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог