Шымкент қаласы ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың дәрігер эпидемиологы Ұ.Байдилдаева, эпидемиолог көмекші С.Оспанов, «Еуро-Азиялық құрылыс корпорациясы «EVRASKON» ААҚ- ның жұмысшылары арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша» мәлімет берілді. Жұмысшыларға әлеуметтік маңызы бар ауруларға соның бірі АИТВ/ЖИТС-ке шалдыққан адамдарға үкімет тарапынан тегін көмек көрсетілетіні жайында айтылды.
Семинар өткізудің мақсаты: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халықты жан-жақты ақпараттандыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог