Шымкент қаласы ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың дәрігер эпидемиологы Ұ.Байдилдаева, «Әскери техникалық мектептің» тәрбиеленушілерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар өткізді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы және Шымкент қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсінікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтер көрсетілді. Семинар өткізудің мақсаты: АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог