Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

  Мен – жұмыс берушімін. Жұмыс берушілер 2017 жылдың шілде айынан бастап қарамағындағы қызметкерлер үшін жалақының 1
пайызы мөлшерінде жарна аудара бастады. Жарна жұмыс берушінің қаражаты есебінен аударылады. 2019 жылы аударым мөлшері 1,5 пайызды, 2020 жылы 2 пайызды, 2022 жылдан бастап 3 пайызды құрайды. Қарамағында жалдамалы жұмысшылары бар жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен шаруа қожалығы (ШҚ) иелері де жарнаны осы тәртіп бойынша аударады.

      Мен – жалдамалы жұмысшымын. Егер сіз – жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда жұмыс беруші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық табысыңыздың – 1 пайызын, 2022 жылдан бастап – 2 пайызын қорға аударып отырады.                                                                                                                                              

      Мен – өзін-өзі жұмыспен қамтушымын /БЖТ төлеушілер. Фрилансер, жеке кәсіпкер (ЖК), жалдамалы қызметкер санатына жатпайтындар немесе сүт сатушы, бала қараушы сынды тағы басқа жұмыстарды еш келісімшартсыз атқаратындар, бірыңғай жинақтық төлем төлейді.
Бірыңғай жынтық төлемнің:
- 10 % – жеке табыс салығы; 
- 20 % – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына;
- 30 % – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына; 
- 40 % – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады. Республикалық маңызы бар қалалар, елорда мен облыстық деңгейдегі шаһарларда БЖТ 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2 525 теңге, ал басқа елді мекендерде жарты (0,5) АЕК немесе 1 263 теңгені құрайды. МӘМС пакетін пайдалану үшін БЖТ 3 ай қатарынан төленуі тиіс.

     Мен - фрилансер немесе ЖК
Егер сіз – фрилансер, яғни, азаматтық-құқықтық келісім негізінде қызмет көрсететін жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер болсаңыз, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзіңіз үшін жарна аударасыз. Заң бойынша, тапсырыс беруші (салық агенті) жеке тұлғаның табысынан 2020 жылы 1 пайыз, 2021 жылы 2 пайыз, 2022 жылы 3 пайыз ұстап, МСҚ-на аударады. ЖК – 1,4 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5 пайызын төлейді.                                                      

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар табысы мен төлеген жарнасының көлеміне қарамастан, мемлекет кепілдік берген барлық медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы