Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 23 қазанында "Жоғарғы медицина колледжінің" студент қыздары  арасында «Қыздар арасында ерте жастағы жүктілікті алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.Шараның ұйымдастырушылары - Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының мамандары кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жыныстық қатынастың алдын алу және жоспарсыз жүктілікті болдырмау мақсатында бейнероликтерді көрсетті. Студенттер АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуді үйренді.

Мақала авторы: Ф.Абдиева, Н.Жургенбаева.