Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 05 қараша күні Жастар ресурстық орталығында жастар арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ашық есік күні өтті.

Шараның ұйымдастырушылары - Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары.

Іс-шара барысында жастардың  АИТВ/ЖИТС туралы сауаттылығын жоғарлатып, АИТВ-ға тегін және жасырын түрде экспресс тестілеуден өткізіп, тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес берілді.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.