Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 7 қараша күні Шымкент қаласы  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен орталықтың мәжіліс залында «БАҚ-да АИТВ сұрақтарын жариялаудың позитивті тәжірибесі» тақырыбында пресс-конференция өтті.                                                                                                                                                                     Пресс-конференцияға  Шымкент қаласының БАҚ журналисттері, ЖИТС орталығының  бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Маширов, дәрігер психолог Р.З.  Мамедова, Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметшісі Л.Н.Мамырова қатысты. Жиналғандар елімізде  және қалалардағы АИТВ/ЖИТС бойынша  эпиджағдай туралы және АИТВ-позитивті  адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жайында ақпарат алды. Қатысушылар халық арасында 2019 жылдың 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына арналған  айлықтың ақпараттық-оқыту іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы науқан аясында жоспарланған іс-шаралардың  БАҚ-да АИТВ/ЖИТС жайында нақты мәлімет берілудің оң нәтижесі жайында ақпарат берілді.                                                                                                                                    

Мақаланың авторы: Ахмедова Э. ЖИТС орталығының маманы