Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылғы 8 қараша күні Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында» Үкіметтік емес ұйымның (ҮЕҰ) («Балаларды ЖИТС-тен қорғау» ҚҚҚ) қызметкерлеріне Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі тақырыбы бойынша «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» атты Дүниежүзілік кампанияның ұраны болды. Бұл АИТВ/ЖИТС мәселелеріне ықпал ететін жұртшылық пен қауымдастық көшбасшыларының назарын аударуға арналған, яғни әр түрлі ҮЕҰ-ң, халықтың кілтті топтарының өкілдері, кеңесшілер, денсаулық сақтау қызметкерлері және тағы басқа қоғамда өздерінің белсенділігін көрсете алатын, ағарту жұмыстарын жүргізе алатын, АИТВ-инфекциясының берілуін төмендетуге және АРВ-терапияның қолжетімділігіне қоғамдастықтардың рөлі туралы айтылды.

Іс-шараға:  22  адам қатысты.

Мақала авторы: Сенім бекетінің дәрігері А.Медетова