Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде қандай медициналық көмекке қол жеткізуге болады

 

2020 жылдын 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген.

Медициналық сақтандыру қорына жарналарын аудару арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады.

Сондай-ақ өзіміздің үйімізге немесе жұмыс орнымызға жақын орналасқан емханаларға немесе жеке медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға болады.

Яғни,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекетіміздің  әрбір азаматы уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына еңгізілген мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде алу қамтамасыз етіледі.

Міндетті медициналық сақтандыру таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады.

Медициналық сақтандыру жүйесінің аясында:

  • Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
  • Әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;
  • Шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
  • Профилактикалық екпелерден бөлек,

 

  • амбулаториялық-емханалық көмек;
  • стационарлық көмек;
  • стационарды алмастыратын көмек;
  • жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

Амбулаториялық-емханалық стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі.   

 

  • Амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту арқылы халықтың қызметтерге қол жетімділігін арттыру;
  • Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі деңгейін арттыру;
  • Азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру;

Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болатынын,  сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алатынын, қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.

 

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы