Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 14 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Сәлем» әлеуметтік қалашығы және Қалалық ЖИТС орталығының мамандары колледж студенттеріне семинар мен квест ұйымдастырды. Қатысушылар  АИТВ-ға  шалдығу  қаупі  төнген  адамның өмірлік  тәжірибесін  көрме  ішімен  15  минутта  интерактивтік серуендеу  арқылы  бастан  кешті. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.