Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ИЧ-167/2 түзеу мекемесінде

 «Қоғамдастықтың  шешуші  рөлі »  атты  ұранымен семинар өткізілді.

 

 

       2019 жылдың 19 қараша күні Шымкент қаласы ИЧ-167/2 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің арасында және сотталғандар арасында  «Қоғамдастықтың атқаратын рөлі»  атты  ұранымен  АИТВ – инфекциясының  алдын-алу  бойынша семинар өткізілді.

       ЖИТС орталығының мамандары  халық  арасына  АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс шараға  27 жеке құрам қызметкерлері мен 38 жазасын өтеушілер   қатысты.

 

Іс шараны  ҚАЖК Шымкент қаласы бойынша Департаментінің медициналық қамтамасыз ету тобының эпидемиолог-дәрігері Мұсаева Э.Б, Шымкент қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері – Ертаев А.С.  жүргізді.