Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2020 жылдың 07 ақпанында Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицей оқушылары арасында сала мамандарымен кездесу өтті.

Іс-шараны Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» және №14 қалалық емхана мамандары ұйымдастырып, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.