04.02.2020 жылы қалалық жалпы білім беретін мектеп қызметкерлері арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназиясында, «АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік қалыптастыру және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен кемсітуді болдырмау» атты семинар өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық ұйымдастырды. Семинар барысында тыңдаушылар АИТВ - инфекцияның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайдың статистикасымен, ерте жыныстық қатынастың салдары және АИТВ-инфекциясының жұғу қауіптілігімен танысып, АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын пациенттердің құқықтары жайлы дұрыс білім қалыптастыра алды.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева