Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

18.02.2020 жылы Шымкент жоғары педагогикалық колледж студенттеріне «АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік қалыптастыру және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен  кемсітуді болдырмау»  атты семинар өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық ұйымдастырды. Семинар  барысында тыңдаушылар АИТВ - инфекцияның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайдың статистикасымен, ерте жыныстық қатынастың салдары және АИТВ-инфекциясының  жұғу қауіптілігімен танысып, АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын пациенттердің  құқықтары жайлы дұрыс білім қалыптастыра алды.  

Мақала авторы: Н.Жургенбаева